Сыр Орда
кәсіпкерлер клубы
Кәсібіміз әртүрлі, мақсатымыз бір: бірге даму, бір-бірімізді қолдау және қоғамға пайда әкелу.
Бос сөз емес, нақты тәжірибе
Клубта бір деңгейдегі, бір мақсатқа ұмтылған кәсіпкерлер жиналады. Мұнда тәжірибе, талдау және өсуге жұмыс істейтін байланыстар бар.
Тәжірибе алмасу
Нақты сұрақ — нақты жауап. Қиналғанда ақыл-кеңес сұрап, өз тәжірибеңмен бөлісесің.
Бизнес-тренингтер
Жабық форматтағы кездесулер: кәсіпті жүйелеу, қаржыны басқару, масштабтау.
Өзара қолдау
Клубтағы кәсіпкер жаңа кафе ашса, барып, дәмін татып, қолдау көрсетеміз.
Тәлімгерлік
Тәжірибелі кәсіпкерлерден жеке бағыт-бағдар алуға болады.
Қайырымдылық
Мұқтаж отбасыларға, балалар ауылына, қарттар үйіне бірге көмектесеміз.
Демалыс және достық
Тимбилдинг, ортақ дастарқан, туған күндер. Кәсіпте де, өмірде де бір-бірімізге тірекпіз.
Құрмет пен бірлік басты орында
- Бос сөз емес, нақты тәжірибе
- Бір-бірімізге тірек болу
- Адал бизнес пен өсім
- Қоғамға пайдалы істерді бірге атқару
- Спам, казино, пирамида, артық реклама жоқ
«Кәсіпкерлер көбейсе – жұмыс орындары көбейеді. Жұмыс орындары көбейсе – елдің әл-ауқаты артады.»
Клубты 2026 жылдың қаңтарында кәсіпкер Ұлағат Бұхарбай бастады: алғашқы апталарда-ақ WhatsApp тобына 170-тен астам кәсіпкер қосылды. @ulagat_kzo

«Кәсіпкерлер асары»: өртенген үйді қалпына келтіру
Shish Lavash пен Syr Orda кәсіпкерлері бірігіп, Жұлдыз, 64 мекенжайындағы өртенген үйді қалпына келтіріп жатыр.
Жақсылық жасау – байлықтың емес, жүректің ісі.
«Атамекен» балалар ауылына сапар
Клуб кәсіпкерлері «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына екі рет барып, балаларға сыйлықтар табыстады.
Қарттар күні: қарттар үйіне сапар
Қарттар күніне орай клуб кәсіпкерлері қарттар үйіне барып, ата-әжелерімізді мерекемен құттықтады.
«100 балаға — 100 сөмке»
Жаңа оқу жылы қарсаңында жағдайы төмен 100 отбасының баласына оқу құралдарымен жабдықталған сөмке сыйланды.
Бірлік, жаңа таныстық және көтеріңкі көңіл күй
Кәсіпкерлерге де демалыс керек: табиғат аясында командалық ойындар мен эстафеталар өткіздік.
Клуб мүшелері мен серіктестері
Shish Lavash
Тамақтану (кафе, мейрамхана)
Sapar Trade
Сауда
ADAM
Құрылыс және құрылыс материалдары
RAMAZAN
Құрылыс және құрылыс материалдары
Dveri.kzo
Құрылыс және құрылыс материалдары
Van Gogh
Қонақ үй және туризм
Arai Fruits
Азық-түлік өндірісі мен саудасы
Zhasik Food
Азық-түлік өндірісі мен саудасы
Jannar Qurt
Азық-түлік өндірісі мен саудасы
Doner King
Тамақтану (кафе, мейрамхана)
Euro Bouquet
Сауда
Qaisar Kilem
Сауда
Biali Sport
Спорт
Petrol Service
Басқа сала
Gibadat
Басқа сала
Boke Original
Басқа сала
Жаңалықтар

@berik_tulga 5 поток аякталу кеші

🏆 «Берік тұлға» V челленджін қорытындылап, Кәсіпкерлер күнін бірге атап өттік! Бір ай бойы бірге жаттығып, жақсы әдет қалыптастырып, достығы…

Сыр Орда кәсіпкерлер клубының ұйымдастыруымен өткен челленд бойынша қорытынды👏🏻

«Атамекен» балалар ауылына @syr_orda_kk @boke.original @arai_fruits @jannar.qurt @sapar_kzo бірігіп барып, балалардың халін біліп қайттық. К…

«Кәсіпкерлер асары» жалғасуда! 🤝 📍 Жұлдыз, 64 мекенжайындағы өртенген үйдің сантехникасы мен жылы еденін орнатып, электр сымдарын жүргізіп ш…

🇰🇿 Республика күнін «Берік тұлғалықтармен» бірге білім сайысымен атап өттік! 25.10.2026 күні қазақша интеллектуалдық ойын ұйымдастырдық. Бір…
Мықты кәсіпкерлер ортасында бірге дамыңыз
Анкетаны толтырыңыз — өтінімді клуб ережесіне сәйкес қарастырамыз.
