Клуб жиналыстары
Жабық форматтағы бизнес-тренингтер, бизнес таңғы астар, табысты кәсіпкерлермен кездесулер және бірге демалу.
Алдағы кездесулер
Өткен кездесулер

Кәсіпкерлер күні және «Берік тұлға» V челленджінің қорытынды кеші
Қорытынды кеште жеңімпаздар марапатталып, Кәсіпкерлер күні бірге аталып өтті.
Instagram-да көру →
Республика күні: қазақша интеллектуалдық ойын
«Берік тұлға» жобасымен бірге қазақша интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Бірге ойландық, білімімізді сынадық, командалық бірлігімізді нығайттық.
Instagram-да көру →

Кәсіпкерлермен моншадағы демалыс
Ортақ дастарқан, пайдалы әңгіме, жақсы орта. Осындай кездесулерде бір-бірімізді жақынырақ танып, тәжірибе бөлісіп, достығымызды нығайтамыз.
Instagram-да көру →
Табиғат аясындағы тимбилдинг
Командалық ұрандар, эстафеталар, жағажай волейболы. Бірлік, жаңа таныстық, тәжірибе алмасу және көтеріңкі көңіл күй — бәрі осы ортада болды.
Instagram-да көру →
Алматылық кәсіпкерлермен «Абай Дәулет» шаруашылығына сапар
Алматыдан келген кәсіпкерлерді күтіп алып, Бесарық ауылындағы «Абай Дәулет» шаруашылығына апардық. Шаруашылықта құс шаруашылығымен қатар төрт түлік мал өсіріледі, жүзім алқабы бар.
Instagram-да көру →
Кәсіпті жүйелеу және масштабтау
Спикер: Асылан Жумабаев (@zhumabayev_aslan)
Спикер – Асылан Жумабаев. 45 кәсіпкер келіп, өзіне керекті білім алды.
Instagram-да көру →
Қонақ: «Тағам» желісі мен «Біздің ауыл» жобасының негізін қалаушы Жеңіс Сатов
Спикер: Жеңіс Сатов (@zhenis_sat)
Қонағымыз бизнестегі жолын айтып, кәсіптің қыр-сырын түсіндіріп өтті.
Instagram-да көру →
Қызылорда кәсіпкерлерімен бизнес таңғы ас
Спикер: @rys_renat, @004_dos_04, Ұлағат Бұхарбай
Спикерлер бизнесті жүйеге қою жөнінде айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Instagram-да көру →
Кездесу: бизнесті жүйеге қою және өсімге шығу жолдары
Спикер: @syrymbek_tau
Бизнесті жүйеге қою, басқару шешімін қабылдаудағы нақтылық және өсімге шығу жолдары кеңінен талқыланды. Әңгіме теорияға емес, нақты кәсіпкерлік тәжірибеге сүйенді.
Instagram-да көру →
Бизнес-тренинг: компаниядағы қаржыны басқару
Спикер: Бауыржан (@bauyrzhan_finance), Ұлағат Бұхарбай
Кездесу барысында компаниядағы қаржыны басқару және бизнесті жүйеге қою тақырыптары қозғалды.
Instagram-да көру →
Кездесу: бизнестегі басқарушылық есеп
Спикер: Батырбек (@batyrbek_finconsultant)
Теориясыз, қарапайым тілмен талқыланды: айналым бар кезде ақша неге жоқ, кассалық алшақтық қалай пайда болады, бизнеске ДДС, ОПиУ және сандарды бақылау не үшін керек.
Instagram-да көру →
Жабық форматтағы бизнес-тренинг: кәсіпті жүйелі басқару
Спикер: Ренат (@rys_renat), Ұлағат Бұхарбай
Кәсіпкерлердің басын қосқан жабық форматтағы бизнес-тренинг өтті. Спикерлер компания мен кәсіпті жүйелі басқару жөнінде өз білімдерімен бөлісті.
Instagram-да көру →Мықты кәсіпкерлер ортасында бірге дамыңыз
Анкетаны толтырыңыз — өтінімді клуб ережесіне сәйкес қарастырамыз.