SYR ORDAкәсіпкерлер клубы
Қайырымдылық · 17 қазан 2026

«Кәсіпкерлер асары»: өртенген үйді қалпына келтіру

Shish Lavash пен Syr Orda кәсіпкерлері бірігіп, Жұлдыз, 64 мекенжайындағы өртенген үйді қалпына келтіріп жатыр.

Жоба жүріп жатыр

№1 жоба | Жұлдыз, 64

Бәрі Shish Lavash дәмханасының бастамасынан басталды: қазан айында сатылған әр донердің пайдасы өрттен зардап шеккен отбасының үйін жөндеуге жұмсалды. Клуб кәсіпкерлері бұл бастаманы қолдап, асарға айналдырды.

1-бөлім (17 қазан). Жұмыс басталды: кәсіпкерлер қой сойып, ақ тілекпен іске кірісті.

3-бөлім (21 қазан). Сантехника және жылу жүйесі. Қолдау білдірген Shish Lavash, Syr Orda кәсіпкерлері және «Рамазан» сантехника дүкені.

22 қазан. Қол ұшын созған кәсіпкерлер: ADAM (электр тауарлары), RAMAZAN (сантехника және жылу жабдықтары), Dveri.kzo (есіктер).

26 қазан. Сантехника мен жылы еден орнатылды, электр сымдары жүргізілді. Ендігі кезекте — кафель мен бөлмеаралық есіктер.

Кейінгі жаңалық: газ қазандығы орнатылды, пластик терезелер салынды.

Біріміз қаражатпен, біріміз құрылыс материалымен, біріміз еңбегімізбен атсалысамыз. «Мен де көмектесейін!» десеңіз, клубқа хабарласыңыз.

Instagram-да көру ← Барлық жобалар

«Кәсіпкерлер асары»: өртенген үйді қалпына келтіру

Мықты кәсіпкерлер ортасында бірге дамыңыз

Анкетаны толтырыңыз — өтінімді клуб ережесіне сәйкес қарастырамыз.

Клубқа кіру