SYR ORDAкәсіпкерлер клубы

Құпиялылық саясаты

Жеке деректеріңізді қалай жинайтынымыз және қолданатынымыз туралы.

Қандай деректерді жинаймыз

Тіркелу кезінде: аты-жөніңіз, электрондық поштаңыз, телефон нөміріңіз. Клубқа кіру анкетасында: компания атауы, сала, лауазым, кәсіп туралы мәліметтер. Google арқылы кірген жағдайда Google бізге атыңыз бен поштаңызды береді.

Не үшін қолданамыз

Өтінімді қарау, сізбен байланысу, кездесулерге жазу, компанияңызды сайттағы тізімде көрсету және тәлімгерлік өтінімдерін өңдеу үшін.

Кім көреді

Анкетаны тек клуб әкімшілері көреді. Компания карточкасы (атауы, саласы, сипаттамасы, Instagram) сайтта баршаға ашық; компанияның телефон нөмірі тек клуб мүшелеріне көрінеді. Деректерді үшінші тұлғаларға сатпаймыз және бермейміз.

Сақтау және жою

Деректер сайт хостингіндегі дерекқорда сақталады, құпиясөздер шифрланған (хэш) түрде сақталады. Деректеріңізді өзгерту немесе жою үшін клубқа WhatsApp арқылы жазыңыз: +7 707 475 77 77.

Cookie файлдары

Сайт тек қажетті cookie файлдарын пайдаланады: кіру сеансы және таңдалған тіл. Жарнамалық трекерлер жоқ.