SYR ORDAкәсіпкерлер клубы
Жиналыстар

Клуб жиналыстары

Жабық форматтағы бизнес-тренингтер, бизнес таңғы астар, табысты кәсіпкерлермен кездесулер және бірге демалу.

Алдағы кездесулер

Келесі кездесудің күні жақында жарияланады. Жаңалықтарды осы беттен және клубтың Instagram парақшасынан қадағалаңыз.
Мұрағат

Өткен кездесулер

Кәсіпкерлер күні және «Берік тұлға» V челленджінің қорытынды кеші
2 қараша 2026 · Клуб жиналысы

Кәсіпкерлер күні және «Берік тұлға» V челленджінің қорытынды кеші

Қорытынды кеште жеңімпаздар марапатталып, Кәсіпкерлер күні бірге аталып өтті.

Instagram-да көру →
25 қазан 2026 · Демалыс және тимбилдинг

Республика күні: қазақша интеллектуалдық ойын

«Берік тұлға» жобасымен бірге қазақша интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Бірге ойландық, білімімізді сынадық, командалық бірлігімізді нығайттық.

Instagram-да көру →
Күзгі кездесу және дегустация
12 қазан 2026 · Клуб жиналысы

Күзгі кездесу және дегустация

Күзгі атмосферадағы кездесу мен дегустация.

Instagram-да көру →
Кәсіпкерлермен моншадағы демалыс
2 қазан 2026 · Демалыс және тимбилдинг

Кәсіпкерлермен моншадағы демалыс

Ортақ дастарқан, пайдалы әңгіме, жақсы орта. Осындай кездесулерде бір-бірімізді жақынырақ танып, тәжірибе бөлісіп, достығымызды нығайтамыз.

Instagram-да көру →
Табиғат аясындағы тимбилдинг
12 қыркүйек 2026 · Демалыс және тимбилдинг

Табиғат аясындағы тимбилдинг

Командалық ұрандар, эстафеталар, жағажай волейболы. Бірлік, жаңа таныстық, тәжірибе алмасу және көтеріңкі көңіл күй — бәрі осы ортада болды.

Instagram-да көру →
14 маусым 2026 · Кәсіпорынға сапар

Алматылық кәсіпкерлермен «Абай Дәулет» шаруашылығына сапар

Алматыдан келген кәсіпкерлерді күтіп алып, Бесарық ауылындағы «Абай Дәулет» шаруашылығына апардық. Шаруашылықта құс шаруашылығымен қатар төрт түлік мал өсіріледі, жүзім алқабы бар.

Instagram-да көру →
Кәсіпті жүйелеу және масштабтау
13 наурыз 2026 · Бизнес-тренинг

Кәсіпті жүйелеу және масштабтау

Спикер: Асылан Жумабаев (@zhumabayev_aslan)

Спикер – Асылан Жумабаев. 45 кәсіпкер келіп, өзіне керекті білім алды.

Instagram-да көру →
Қонақ: «Тағам» желісі мен «Біздің ауыл» жобасының негізін қалаушы Жеңіс Сатов
30 қаңтар 2026 · Қонақпен кездесу

Қонақ: «Тағам» желісі мен «Біздің ауыл» жобасының негізін қалаушы Жеңіс Сатов

Спикер: Жеңіс Сатов (@zhenis_sat)

Қонағымыз бизнестегі жолын айтып, кәсіптің қыр-сырын түсіндіріп өтті.

Instagram-да көру →
Қызылорда кәсіпкерлерімен бизнес таңғы ас
29 қаңтар 2026 · Бизнес таңғы ас

Қызылорда кәсіпкерлерімен бизнес таңғы ас

Спикер: @rys_renat, @004_dos_04, Ұлағат Бұхарбай

Спикерлер бизнесті жүйеге қою жөнінде айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Instagram-да көру →
19 қаңтар 2026 · Қонақпен кездесу

Кездесу: бизнесті жүйеге қою және өсімге шығу жолдары

Спикер: @syrymbek_tau

Бизнесті жүйеге қою, басқару шешімін қабылдаудағы нақтылық және өсімге шығу жолдары кеңінен талқыланды. Әңгіме теорияға емес, нақты кәсіпкерлік тәжірибеге сүйенді.

Instagram-да көру →
Бизнес-тренинг: компаниядағы қаржыны басқару
18 қаңтар 2026 · Бизнес-тренинг

Бизнес-тренинг: компаниядағы қаржыны басқару

Спикер: Бауыржан (@bauyrzhan_finance), Ұлағат Бұхарбай

Кездесу барысында компаниядағы қаржыны басқару және бизнесті жүйеге қою тақырыптары қозғалды.

Instagram-да көру →
18 қаңтар 2026 · Бизнес-тренинг

Кездесу: бизнестегі басқарушылық есеп

Спикер: Батырбек (@batyrbek_finconsultant)

Теориясыз, қарапайым тілмен талқыланды: айналым бар кезде ақша неге жоқ, кассалық алшақтық қалай пайда болады, бизнеске ДДС, ОПиУ және сандарды бақылау не үшін керек.

Instagram-да көру →
17 қаңтар 2026 · Бизнес-тренинг

Жабық форматтағы бизнес-тренинг: кәсіпті жүйелі басқару

Спикер: Ренат (@rys_renat), Ұлағат Бұхарбай

Кәсіпкерлердің басын қосқан жабық форматтағы бизнес-тренинг өтті. Спикерлер компания мен кәсіпті жүйелі басқару жөнінде өз білімдерімен бөлісті.

Instagram-да көру →

Мықты кәсіпкерлер ортасында бірге дамыңыз

Анкетаны толтырыңыз — өтінімді клуб ережесіне сәйкес қарастырамыз.

Клубқа кіру