SYR ORDAкәсіпкерлер клубы
Қайырымдылық · 25 тамыз 2026

«100 балаға — 100 сөмке»

Жаңа оқу жылы қарсаңында жағдайы төмен 100 отбасының баласына оқу құралдарымен жабдықталған сөмке сыйланды.

Клуб кәсіпкерлері жағдайы төмен 100 отбасының баласына мектепке арналған 100 сөмке сыйлауды ұйымдастырды. Мақсат — жай ғана сөмке тарату емес, жаңа оқу жылына дайындалып жатқан отбасыларға қолдау көрсету.

Сөмкелер «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде табысталды. Тізім облыстық «Отбасын қолдау» орталығынан алынды, шараға «Айтбай» мешіті мен «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйытқы болды.

Instagram-да көру ← Барлық жобалар

«100 балаға — 100 сөмке»

Мықты кәсіпкерлер ортасында бірге дамыңыз

Анкетаны толтырыңыз — өтінімді клуб ережесіне сәйкес қарастырамыз.

Клубқа кіру